ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 141 бұйрығына
4-қосымша
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану
қағидасы
1. Жалпы ережелер
2012 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді
1. Осы Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 53-бабына сәйкес әзірленді және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау тәртібін белгілейді.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі, қаулысы, ұйғарымы (бұдан әрі - үкім) негізінде жүргізіледі.
3. Облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары (бұдан әрі - Инспекциялар) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындайтын органдар болып табылады.
4. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау кезінде аумақтық Инспекциялар:
1) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
2) сотқа:
бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеудегі өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;