Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығы
(2016.11.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.