Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө Өкімі
(2012.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру мәселелері бойынша:
1. Мынадай:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда оған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіру жөніндегі функциялар жүктеле отырып, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығы (бұдан әрі - РБО);
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалау топтары (бұдан әрі - Топтар) құрылсын.
2. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананы үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестері үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік басқару орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) ретінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіруді жүзеге асырсын.
3. Инвестициялық жобалар:
осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Топтар;
осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Орталықтар арасында бөлінсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2010.27.05. № 77-ө Өкімімен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
Топтар мен Орталықтар қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын;
инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тәуелсіз мониторинг жүргізетін ұйымды айқындасын.
ҚР Премьер-Министрінің 2010.27.05. № 77-ө Өкімімен (бұр.ред.қара); 2012.23.01. № 10-ө Өкімімен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Топтардың, Орталықтардың басшылары: