«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 287 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен күші жойылды
«Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: