Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығы
(2020.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018.17.07. № 307 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.