«Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 17 шілдедегі № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген ақпарат субъектінің ақпараттық жүйесінің online-режимде веб-сервистер арқылы астық қолхаттарының ақпараттық жүйесімен өзара интеграциялық іс-қимылы арқылы тізілімге ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат тiркеушiге мынадай тәртiппен ұсынылады: