Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә.Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.