«Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)

Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктері айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 маусымдағы

№ 744 қаулысына

қосымша

 

 

Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді

ұсыну шарттары мен тетіктері

 

1. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары

 

1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды (бұдан әрі - жобалар) іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі - субъектілер) берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асыратын шарттар мыналар болып табылады:

1) қаржы агентінің кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуға қатысу мөлшері жоба сметасы сомасының 80 %-ынан (сексен пайызынан) аспауы тиіс;

2) жоба сметасы шеңберіндегі субъектінің және (немесе) өзге үшінші тұлғаның қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;

3) жобаны іске асыру бойынша тәуекелдер толық көлемде жабылған, оның ішінде қамтамасыз етілген;

4) кепілдік міндеттемелер және кепілдемелер жиырма жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады;

5) жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізделуі.

 

 

2. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну тетіктері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.