Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 157-ө бұйрығы
(2016.17.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016.17.11. № 496 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы
№ 157-ө бұйрығымен бекітілген
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегібірліктері
бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасында сауда мақсатында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алу және есептілікті жүргізу тәртібін және олармен жүргізілетін операцияларды анықтайды және белгіленген мөлшер бірліктеріне, квоталар бірліктеріне, шығарындылардың ішкі азайту бірліктеріне, шығарындылардың азайту бірліктеріне, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері мен сіңірулер бірліктеріне қолданылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.