Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығы
(2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 229 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 229 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.