Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығы
(2015.04.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасы бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө
бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға енетін, парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ерікті бағдарламаларды іске асыратын табиғат пайдаланушылармен қолданылады.
3. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары пайдалану шарттарына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының оған бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
4. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бірліктердің мөлшерін айқындау үшін өлшем құралдары қолданылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.