Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 Қаулысы
(2009.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 124-құжат).
2) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 415 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 170-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.