Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө Бұйрығы
(2016.17.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.