Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» қаулысының 120-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сай орындар белгіленсін.
2. 2006 жылғы 21 тамыздағы № 4656 «Өскемен қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-40 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 91-92 «Дидар», 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 139 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 6857 қаулысына
қосымша
Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
1. Кегадағы, рол - барлардағы наннан жасалған квас