«Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы (2013.23.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 Қаулысы

(2013.23.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 9 маусымдағы

№ 773 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін реттейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

2) кондициялық масса - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы;

3) мақтаның сандық-сапалық есебі - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;

4) мақта партиясы - мақтаның сапасы туралы деректері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау өлшемі;

5) нақты салмағы - таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.