«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 801 Қаулысы (2016.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 801 Қаулысы

(2016.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2-тармаққа сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 150-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 18 маусымдағы

№ 801 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық

аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.