«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 695 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 265-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтау нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.