Әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторий-курорттық емделу ұсынылатын аурулар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 826 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 198 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әскери қызметтен босатылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға санаторий-курорттық емделу ұсынылатын аурулар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.