Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 830 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың
тізбесі
1. Мыналарды:
1) ғылыми болжауды (өз әдіснамасы мен техникасы бар арнайы теориялық зерттеулер);
2) іргелі және іздестіру зерттеулерін талдауды қамтитын ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысының техникалық тапсырмасын әзірлеу.
2. Мыналарды:
1) ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеуді;
2) патенттік зерттеулер жүргізуді;
3) ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысын жүргізуге техникалық тапсырмада қойылған міндеттерді шешудің ықтимал бағыттарын айқындауды және салыстырмалы бағалауды;
4) қабылданған зерттеу бағытын және міндеттерді шешу тәсілдерін таңдауды және негіздеуді;
5) жаңа өнімнің және (немесе) технологияның бағдарлы экономикалық тиімділігін бағалауды;
6) зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістемесін әзірлеуді (жұмыстардың бағдарламалары, жоспар-кестелер және т.б.);
7) инновациялық технологиялар бойынша базалық және егжей-тегжейлі инжинирингті қамтитын зерттеудің бағытын таңдау.
3. Мыналарды:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.