«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 130 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 130 Қаулысы

 

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесінде:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға - бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;

3) болжанбаған шығыстар - тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығын;

4) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;

5) кредиторлар санаты - талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.