Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Қаулысы
(2012.26.03. берілген өзгерістермен)
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (1-қосымша);
2) «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті (2-қосымша);