Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Облыс әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 401 қаулысына 1 қосымша
Облысы әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401
қаулысымен бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - жеке тұлға;
2) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органдар (кенттер, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдері).
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган, сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) ұсынады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысының негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) (бұдан әрі - анықтама) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөнінде, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты Орталықтан немесе уәкілетті органнан алуға болады, олардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы Регламенттің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
уәкілетті органға өтініш берген кезде: