Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 105-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.