«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 901 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 901 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 681-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 2 шілдедегі

№ 901 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1458 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Аң аулау - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түрі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.