Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы
№ 149 қаулысына 3-қосымша
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
(2012.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.26.12. № 417 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметі мекен-жайы осы регламенттің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасында көрсетілген, мекен-жайлары көрсетілген «Оңтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және «электрондық үкімет» порталы www.e-gov.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (құрамында медиа-бөлулері бар электронды мемлекеттік қызметтер).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық қызмет көрсету.
5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлғаға, сонымен қатар дербес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерге берілетін бірегей нөмір (бұдан әрі-ЖСН);
2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпарат беруге, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);