Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысы
(2011.01.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 11 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1426 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Лицензиялау туралы » 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1426 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.