Экономикалық шоғырлануға Келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 255-НҚ бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының м.а. 2014 жылғы 21 ақпандағы № 36-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.