Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы
(2010.01.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі бекітілсін.
2. «Салық салуда жеңілдігі бар шет мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 784 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 418-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.