Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығы
(2012.14.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1718 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 7-8, 543-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықта:
10-тармақтың 5) тармақшасында «ҚАЖ басқармасы» деген сөз «ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - ҚАЖК ҚАЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтағы «ҚАЖ Комитетінің облыстық басқарма» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1720 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 7-8, 542-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде:
9-қосымшада: