3.3 Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату
3.3.1 Ұйым қаржы міндеттемесін (немесе қаржы міндеттемесінің бөлігін) қаржылық жағдайы туралы есептен тек міндеттеме төленгеннен кейін, яғни келісімшарттағы міндеттеме орындалған немесе жойылған, немесе мерзімі аяқталған кезде ғана шығарады.
3.3.2 Қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы шарттары нақты ерекшеленетін қарыз құралдарымен алмасу есепте алдыңғы қаржы міндеттемесін орындау және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде көрсетілуі тиіс. Баламалы түрде, ағымдағы қаржы міндеттемесінің немесе оның бөлігі шарттарының өзгеруін (бұл өзгеріс қарыз алушының қаржылық қиындықтарынан тәуелсіз) алғашқы қаржы міндеттемесінің орындалуы және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде есептеу керек.
3.3.3 Кез-келген ақшалай емес активтерді немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғандағы орындалған немесе басқа тарапқа берілген қаржы міндеттемесінің баланстық құны мен төленген өтемақының арасындағы айырмашылық түсім мен шығын құрамында танылуы тиіс.
3.3.4 Егер ұйым өз қаржы міндеттемесінің бөлігін сатып алса, онда ол қаржы міндеттемесінің алдыңғы баланстық құнын танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында, осы бөліктердің сатып алу күніндегі салыстырмалы әділ құнына негізделе отырып бөлуі тиіс. Өткізілген ақшалай емес активтер немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, (a) танылуы тоқтатылған бөлікке берілген баланстық құн мен (b) танылуы тоқтатылған бөлік үшін төленген өтемақының арасындағы баланстық құнның айырмашылығы түсім мен шыығын құрамында танылуы тиіс.
4.1.1 4.1.5 -тармағы қолданылмайынша, ұйым қаржы активтерін амортизацияланған құнмен немесе әділ құнмен кейін бағаланған түрде келесілердің екеуінің негізінде сыныпталуы тиіс:
(a) қаржы активтерін басқару үшін ұйымның бизнес моделі; және
(b) қаржы активінің келісімшарт ақша айналым ерекшеліктері.
4.1.2 Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағалануы тиіс, егер келесі екі шарт орындалатын болса:
(a) активті бизнес-моделі шеңберінде иеленеді, егер мақсаты шартты ақша айналымдарын жинақтау үшін активтерді иелену болып табылатын болса.
(b) қаржы активінің шарт талаптары қарыздың төленбеген негізгі сомасына пайыз және басты сомасының жалғыз төлемдері болып табылатын ақша айналымдарына бекітілген мерзіміне бастама береді.
B4.1.1 -B4.1.26 -тармақтары осы шарттарды қалай қолдануға түсініктеме береді.
4.1.3 4.1.2(b)- тармағының мәнмәтіні шеңберінде ақшаның уақыт құндылығы үшін сыйақы және белгілі уақыт кезеңінде қарыздың төленбеген негізгі сомасымен байланысты несие беру тәуекелі болып табылады.
4.1.4 Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағаланғанға дейін 4.1.2- тармағына сәйкес әділ құнмен бағалануы тиіс.
Пайда немесе залал арқылы әділ құнды қаржы активін анықтау нұсқасы
4.1.5 4.1.1-4.1.4 -тармақтарына қарамастан, ұйым бастапқы тануда қаржы активін пайда және залал арқылы әділ құнмен бағаланған деп анықтауы мүмкін, егер солай жасаған жағдайда, бағалауды немесе тану өзгерушілікті (кейде есеп жүргізу үйлеспеушілігі деп аталады) жойса немесе едәуір қысқартатын болса, бұл қарама-қарсы жағдайда активті немесе жауапкершілікті бағалау немесе осылардан туындайтын әртүрлі негіздегі пайда мен залалды тану кезінде пайда болады( B4.1.29-B4.1.32 -тармақтарын қараңыз).
4.1.6 7 ХҚЕС (IFRS) «Қаржы құралдары:ақпаратты ашып көрсету» бойынша әділ құн ретінде бағаланып сыныпталған өзгерістері пайда мен залал құрамында көрсетілген каржы активтері туралы ақпарат беруді талап етеді.
4.2 Қаржылық жауапкершілікті сыныптау
4.2.1 Ұйым қолданыстағы барлық тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып амортизация құнын анықтау нәтижесі бойынша қаржылық жауапкершіліктерді бағалау ретінде сыныптайды, төмендегі жағдайлар бұл тәртіптен тыс болып табылады:
(a) пайда мен залал құрамында көрсетілген өзгерістері бар әділ құн бойынша бағаланған қаржы жауапкершіліктері. Мұндай жауапкершіліктер, туынды құралдарды қоса алғанда, соңынан әділ құн бойынша бағалануы тиіс жауапкершіліктер болып табылады.
(b) қаржы активтерін өткізуде тануды тоқтату немесе жалғаспалы қатысу қағидасы қолданылған жағдай талаптарын қатнағаттандырмаған кездегі қаржылық жауапкершіліктер. Қаржылық жауапкершіліктердің мұндай түрлеріне 3.2.15 және 3.2.17 - тармақтары қолданылады.
(с) А қосымшасынында берілген анықтамаға сай қаржы кепілдемесінің келісімшарттары. Егер 4.2.1(a) және (b) -тармақтары қолданылмаған болса, эмитент мұндай келісімді алғашқы танығаннан кейін мұндай келісімдерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:
(і) 37 ХҚЕС (IAS) «Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» бойынша анықталған сома,
(іі) қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) «Табыс» стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).
(d) нарық бағасынан төмен пайыздық мөлшерлеме негізінде қарыз беру жауапкершілігі. Егер 4.2.1(a) -тармағы қолданылмаған болса, эмитент алғашқы танудан кейін мұндай жауапкершіліктерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:
(і) 37 ХҚЕС (IAS) бойынша анықталған сома, және
(іі) қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).
«Әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген» қаржы жауапкершілігін сыныптаудың мүмкіндігі
4.2.2 Егер 4.3.5 -тармағына сай рұқсат етілсе немесе ақпаратты тиесілі беруді қамтамасыз ететіндей болса, онда ұйымға әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген қаржы жауапкершілігін қайтарусыз сыныптаудың мүмкіндігі бар, себебі
(а) бағалаудағы немесе танудағы талапқа сай келмейтін жағдайларды жояды немесе едәуір азайтады (кейде бұл есептілктегі сәйкессіздіктер (сәйкес келмеушіліктер) деп те беріледі), әйтпесе активтер мен жауапкершіліктерді бағалауда немесе түрлі негіздерді қолдану арқылы оларға байланысты пайда мен залалдарды тануда сәйкессіздіктер орын алуы мүмкін; немесе
(b) қаржы жауапкершілігі тобын немесе қаржы активі мен қаржы жауапкершілігі тобын басқару және осындай топқа жататын нәтижені бағалау құжатталған тәуекелділікті басқару стратегиясына немесе инвестициялық сратегиясына сай әділ құн негізінде жүзеге асырылады. Ал, ұйымның негізгі басқарушы мүшелеріне (2003 жылы жарияланған 24 ХҚЕС (IAS) «Байланысты тараптар жөнінде ақпаратты ашып көрсету» стандартында берілген анықтамаға сәйкес), мысалы, директорлар кеңесіне және бас директорға жоғарыда аталған сол негізде қалыптастырылған топ туралы ішкі ақпарат беріледі.
4.2.3 7 ХҚЕС (IFRS) ұйымнан пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бағасы арқылы сыныпталатын қаржы жауапкершілігі жөнінде ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
4.3 Кірістірілген туынды құралдар
4.3.1 Енгізілген туынды құрал гибридті келісімшарттың құраушы бөлігі болып табылады, ол сонымен қатар құрамдас құралдың кейбір ақша айналымдары бөлек туынды құрал сияқты өзгеретін әсер беретін туынды құрал емес негізгі шарттан тұрады. Енгізілген туынды құрал ақша айналымдарының кейбіреуін немесе барлығын туғызады, олай болмаған жағдайда, белгіленген пайыз мөлшері, қаржы құралының бағасы, тауар бағасы, шетелдік ақша айырбастау бағамы, бағалар немесе бағам көрсеткіші, несие қабілеттілігін бағалау немесе несие көрсеткіші немесе келісімшарт тараптарына қатысы жоқ айнымалы болып табылатын қаржы емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа да айнымалыға сәйкес келісімшарт бойынша өзгертілуі талап етіле алады. Қаржы құралына қосылатын, бірақ бұл құралдан келісім бойынша тәуелсіз тасымалданатын немесе әртүрлі тараптары бар туынды құрал енгізілген туынды құрал емес, бөлек қаржы құралы болып табылады.
Қаржы активі болып табылатын негізгі келісімшарттан тұратын гибридті келісімшарт
4.3.2 Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберіндегі негізгі келісімшарттан тұрса, ұйым 4.1.1 - 4.1.5- тармақтарындағы талаптарды бүкіл гибридті келісімшартта қолдануы тиіс.
Басқа да гибридті келісімшарт түрлері
4.3.3 Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберінде емес негізгі келісімшарттан тұрса, осы стандарт ХҚЕС (IFRS) аясында ұйым енгізілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөліп қарауы тиіс, егер:
(а) кірістірілген туынды құралдың экономикалық сипаты мен тәуекелі негізгі келісімшарттың экономикалық сипаты және тәуекелімен тығыз байланыста болмайды (B4.3.5 және B4.3.8- тармақтары);
(b) тәуелсіз құралдың шарттары кірістірілген туынды құралдың шарттарымен ұқсас болып келіп, кірістірілген құрал анықтамасына тура келеді; және
(c) пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген гибридті келісімшарт әділ құн бойынша бағаланбайды. (яғни, пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған қаржы активі мен қаржы жауапкершілігіне кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болып табылмайды).
4.3.4 Егер кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болатын болса, негізгі келісімшарт есептілікте ХҚЕС-ның (IFRS) талаптарына сай көрсетілетін болады. Осы стандарт қаржы жағдайы туралы есептілікте кірістірілген қаржы құралдарын міндетті түрде жеке көрсету туралы арнайы талап қоймайды.
4.3.5 4.3.3 және 4.3.4 -талаптарына қарамастан, егер келісімшартта бір немесе одан көп кірістірілген туынды құралдар болатын болса және негізгі келісімшарт осы келісімшарттың талаптарының аумағына кірмейтін актив болып табылатын болса, онда ұйым төмендегі шарттардан тыс жағдайда гибридті келісімшартты тұтастай пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау ретінде сыныптай алады:
(а) кірістірілген туынды құрал (құралдар) ақша қорының қозғалысына едәуір өзгерістік әсер тигізбейді, әйтпеген жағдайда келісімшарт бойынша талап етілетін болады; немесе
(b) осындай гибридті құралды алғаш рет қарастыруда терең талдау жасамастан немесе талдаудан толықтай бас тартылған жағдайда кірістірілген туынды құралды(құралдарды) (мысалы, ұстаушыға қарызын амортизацияланған құнға шамалас жуық құнмен мерзімінен ерте жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін) бөлек алып қарауға болмайды.
4.3.6 Егер осы стандарт талаптарына сәйкес кірістірілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөлек алып қарау тиіс болса, бірақ ұйым кірістірілген құралды алған кезде немесе есептілік мерзімінің соңына дейін оны жеке бағалауға шамасы келмесе, онда ұйым бұл гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныптауы тиіс.
4.3.7 Егер ұйым кірістірілген туынды құралдың шарттарына сай оның шынайы әділ құнын анықтай алмаса, онда кірістірілген туынды құралдың әділ құны - әділ құны осы стандарт талаптарына сай анықталған гибридті келісімшарттың әділ құны мен негізгі келісімшарттың әділ құны арасындағы айырмашылық болып табылады. Егер ұйым берілген әдіс ойынша кірістірілген туынды құралдың әділ құнын анықтай алмасы, онда 4.3.6-тармақ басшылыққа алынып, гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныпталады.
4.4.1 Ұйым қаржы активтерін басқару үшін ұйым моделін өзгерткен жағдайда ғана, ол барлық бұзылған қаржы активтерін 4.1.1 -4.1.4 -тармақтарына сәйкес қайта сыныптауы тиіс.
4.4.2 Ұйым ешбір қаржы міндеттемелерін қайта сыныптамауы тиіс.
4.4.3 4.4.1 және 4.4.2 -тармақтарының мәнмәтінінің шеңберінде төменде келтірілген өзгертілген жағдайлар қайта сыныптауға жатпайды:
(а) бұған дейін ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде хедждеудің тиімді құралы ретінде сыныпталған туынды құрал көрсетілген сапасында одан әрі сыныптау критериін қанағаттандырмайды;
(b) ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде туынды құрал хедждеудің құралы ретінде сыныпталады және тиімді құрал болып келеді.