«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 Қаулысымен күші жойылды

 

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 тамыздағы

№ 1012 қаулысымен

бекітілген

 

 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы

кредит беру шарттары мен тетіктері

 

1. Осы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері (бұдан әрі - шарттар мен тетіктер) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Негізгі ұғымдар және терминдер:

1) бас келісім - қаржы агенті мен қаржы институты арасындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бағдарламасы бойынша олардың өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;

2) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар трансферттеріне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері - экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.