Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 197 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3327 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесінде:
3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.