«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 461 қаулысын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 416 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын (бұдан әрі - Мембағдарлама), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 461 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2012 жылға арналған қаражатты бөлу бекітілсін.
2. Іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты басшылар Мембағдарламаның түпкі нәтижесіне қол жеткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Қайырбекова |
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 416 бұйрығымен бекітілген