Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 Қаулысы
(2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 188 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.31.12. № 85 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 188 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.12.09. № 65 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.27.12. № 95 Қаулысымен (2025 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;
5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
6) инвестициялық облигациялар;
7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.