«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1085 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (2-кезең) арналған көлемін бөлу бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлу осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулыға қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.