«Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 бұйрығы (күші жойылды)

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды

 

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. «Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 қазандағы № 71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6636 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.

3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары мен қызметкерлері таныссын, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.