«Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (күші жойылды)

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы

 

ҚР Бас прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығымен күші жойылды

 

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7872 тіркелген, 2012 жылы 12 қыркүйектегі № 598-602 «Егемен Казақстан» және № 306-307 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды) күші жойылған деп танылсын.

3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы (Н.Ә. Исақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, мекеме және кеңсе басшылары мен қызметкерлері таныстырылсын, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.