141. Осы Стандарт 36 Активтердің кұнсыздануы ХҚЕС-ын (IAS) (1998 жылы шығарылған) ауыстырады.
А ҚОСЫМШАСЫ
Дисконтталған құнның негізінде пайдалану құндылығын есептеу
Аталган Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігін цүрайды. Онда дисконтталган құнның негізінде пайдалану құндылыгын есептеуге қатысты ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстарда «актив» термині пайдаланылатынына қармасатан, олардың бірдей дәрежеде ақша қаражатын цозгалыска келтіретін бірлікті құрайтын активтер топтарына да қатысы бар.
Дисконттау құнының негізінде есептеудің құрамдас бөліктері
А1 Мына элементтерді бірге алғанда, активтер арасындағы айырмашылықтарды білдіреді:
(а) ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау, не, неғұрлым күрделі жағдайларда, ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының сериялары;
(b) ақшалай қаражаттардың осы ағындарының түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленуге қатысты күтулер;
(c) ағымдағы нарықтық тәуекелдіксіз пайыз мөлшерлемесі ұсынған
ақшаның уақытша құны;
(d) осы активке тән шектеусіздік үшін үстемақы; және
(e) ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсететін кезде бірегейленбейтін басқа да факторлар (өтемсіздік сияқты).
А2 Осы Қосымшада дисконтталған құнды есептеуге әртүрлі екі тәсілдеме салыстырылады, бұл жағдайда олардың әрқайсысы қосалқы мән-жайларға байланысты активті пайдалану құндылығын есептеген кезде қолданылуы мүмкін. «Әдеттегі» тәсілдемеге сәйкес, АІ-тармақта сипатталған ^)-(f) түзетулер дисконт мөлшерлемесіне қойылады. «Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде» тәсілдемесіне сәйкес, (b), (d) және (e) факторлары ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын есептеген кезде тәуекелдікке түзетумен қоса түзету қажеттілігін белгілейді. Ұйым ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары түсімінің мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленулерге қатысты осы екі тәсілдеменің қайсысын қабылдаса да, нәтиже осы болашақ ағындардың дисконтталған құнды көрсету, яғни мүмкін болатын барлық нәтижелердің ішіндегі орташа өлшенген нәтиже болуы тиіс.
Жалпы принциптер
А3 Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын және пайыз мөлшерлемелерін бағалау сөз болып отырған активтің маңайында қалыптасқан мән-жайларға байланысты, әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Солай бола тұрса да, активтер дисконтталған құн бойынша бағаланған кезде, мынадай жалпы принциптер қолданылады:
(а) ақшалай қаражаттар ағындарын дисконттау үшін қолданылатын пайыз мөлшерлемелері ақшалай қаражаттардың бағаланатын ұйғарындарына тән ұйғарындармен келісілетін ұйғарындарды көрсетуі тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың әсері екі рет ескеріледі немесе ескерілмей тасталады. Мысалы, 12 пайызға тең дисконт мөлшерлемесі берілген кредиттер бойынша шартта көзделген ақшалай қаражаттар ағындарына қатысты қолданылуы мүмкін. Бұл мөлшерлеме нақты сипаттамалары бар кредиттер бойынша болашақ төленбеген төлемдерге қатысты күтуді көрсетеді. Тап сол 12 пайыздық мөлшерлеме ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарын дисконттау үшін қолданылмауы тиіс, өйткені ондай ағындар болашақ төленбеген төлемдерге қатысты болжауларды көрсетеді;
(b) ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары және дисконт мөлшерлемелері субъективтіліктен және бұл жағдайда сөз болып отырған активке қатысы жоқ факторлардан бос болуы тиіс. Мысалы, активтің жалған болашақ табыстылығын арттыру мақсатымен ақшалай қаражаттардың бағаланатын таза ағындарын қасақана кеміту бағаға субъективтілік элементін әкеледі;
(c) ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары және дисконт мөлшерлеме бірден-бір ықтимал ең аз немесе ең көп өлшемді емес, мүмкін болатын нәтижелер диапазонын көрсетуі тиіс.
Дисконтталған құнға тәсілдемелер: дағдылы және ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары негізінде
Дағдылы тәсілдеме
А4 Дисконтталған құнды қолдануға байланысты есеп тәжірибесінде ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындарының бірыңғай қатары және «тәуекелдікпен өлшенетін мөлшерлеме» ретінде жиі сипатталатын дисконттың бірыңғай мөлшерлемесі дағдылы түрде көрсетіледі. Іс жүзінде, дағдылы тәсілдеме дисконттың бірыңғай принципі ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарына қатысты барлық күтулерді және тәуекелдік үшін тиісті үстемақыны өзінде қамтуға қабілетті. Тиісінше, дағдылы тәсілдеме кезінде дисконт мөлшерлеме таңдауға ерекше көңіл бөлінеді.
А5 Кейбір жағдайларда, мысалы, нарықта салыстырмалы активтер айналыста болған кезде, дағдылы тәсілдеме оңайырақ қолданылуы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың шартта көзделген ағындары бар активтерге қатысты, ол нарыққа қатысушылар активті қалай сипайттайтынына қарай, мысалы, «12 пайыздық облигациядағы» сияқты, келісіледі.
А6 Алайда, кейбір неғұрлым күрделі бағалау проблемаларын шешу, мысалы, қаржылық емес активтерді олардың өздері үшін және олармен салыстырылатын активтер үшін бағалауды шешу үшін дағдылы тәсілдеме әрдайым жарай бермейді. «Тәуекелдікпен өлшенетін мөлшерлеме» іздестірудің дұрыс жолы, ең болмағанда, екі активті -нарықта бар және қолданылатын пайыз мөлшерлемесі бар активті және бағалау мәні болып табылатын активті талдау арқылы жасалады. Ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары үшін тиісті дисконт мөлшерлемесі осы басқа активтің қолданыстағы пайыз мөлшерлемесінен шығарылуы тиіс. Осы өлшемді шығару үшін осы басқа активтің ақшалай қаражаттары ағындарының сипаттамасы бағаланатын активтің сипаттамасымен ұқсас болуы тиіс. Сөйтіп, бағалаушы мыналарды жасауы тиіс:
(а) дисконтталатын ақшалай қаражаттар ағындарының қатарын бірегейлендіруге;
(b) нарықта, көрініп отырғанындай, ақшалай ағындарының сипаттамалары ұқсас басқа активті бірегейлендіруге;
(c) осы екі объект бойынша ақшалай қаражаттар ағындарының қатарын салыстыруға және олардың ұқсастығына көз жеткізуге (мысалы, олар шартта көзделген ақшалай қаражаттар ағындары болып табыла ма, немесе олардың бірі шартта көзделген, ал екіншісі болжамды ақшалай ағындар ма деген сұраққа жауап қайтару);
(d) объектілердің бірінде басқа объектіде жоқ қандай да бір элемент бар-жоғын анықтау (мысалы, олардың бірі екіншісіне қарағанда неғұрлым өтемді ме);және
(e) экономикалық жағдайлар өзгерген кезде ақшалай ағындардың екі қатарының да ұқсас болу (яғни түрлену) ықтималдығын анықтау.
Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдеме
А7 Кейбір жағдайларда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдеме дағдылы әдіспен салыстырғанда тиісті бағалау құралын білдіреді. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарын бағалау процесінде неғұрлым ықтимал бір ағынның орнына ақшалай қаражаттардың мүмкін болатын барлық ағындарына қатысты күту пайдаланылады. Мысалы, ақшалай қаражаттардың ағындары ықтималдығы тиісінше 10, 60 және 30 пайызбен 100 а.б., 200 а.б. немесе 300 а.б. құрауы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары 220 а.б. құрайды. Сөйтіп, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдеменің дағдылы тәсілдемеден айырмашылығы - ол қаралып отырған ағындарды тікелей талдаудан және бағалау барысында пайдаланылатын неғұрлым егжей-тегжейлі ұйғарындардан шоғырландырылады.
А8 Бұған қоса, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдеме ақшалай ағындарды уақытқа қарай бөлу шектеусіздікпен сипатталатын кезде дисконтталған құн бойынша бағалау әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, 1,000 мөлшеріндегі ақшалай қаражаттар ағыны, тиісінше, ықтималдығы 10, 60 және 30 пайызбен бір, екі немесе үш жылдың ішінде алынуы мүмкін. Төменде келтірілген мысалда осы жағдайда күтілетін дисконттау құнының есебі көрсетілген.
А9 Дисконтталған құнның 902.73 а.б. мөлшердегі ең жақсы баға туралы (60 пайыздық ықтималдық) дағдылы ұсынудан айырмашылығы бар. Осы мысалға қолданылатын дисконтталған құн бойынша дағдылы есептеу ақшалай қаражаттар ағындарын уақытына қарай мүмкін болатын бөлудің қайсысын пайдалану керектігін, және, тиісінше, қайсысы уақытқа қарай басқа бөлулер ықтималдығын көрсетпейтінін шешуді талап етеді. Бұл дисконтталған құны бойынша дағдылы есептеу контексіндегі дисконт мөлшерлемесі уақытқа қарай бөлудің шектеусіздігін көрсетуге қабілетсіз екендігінің салдары болып табылады.
А10 Ықтималдықты пайдалану ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдеменің ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Іс жүзінде, субъективтілік деңгейі жоғары бағаларға ықтималдық беру осы бағалардың дәлдігін арттыруға алып келе ме деген сұраққа әлі түпкілікті жауап алынбаған. Солай бола тұрса да, дағдылы тәсілдемені дұрыс қолдану (А6-тармақта сипатталғандай) ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тәсілдемені қолдану сияқты, субъективтілікті бағалауды да талап етеді, бірақ есептеудің тап осындай ашық болуын қамтамасыз етпейді.
А11 Осы заманғы практикада жүргізілетін көптеген бағаларда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының элементтері қазірдің өзінде бейресми түрде бар. Бұған қоса, бухгалтерлер өз қарамағында ақшалай қаражаттар ағындарының ықтималдығы туралы шектеулі ақпараты бола отырып, активке бағалау жүргізу қажеттігіне жиі ұшырап отырады. Мысалы, бухгалтер мынадай жағдайларға кезігуі мүмкін:
(а) болжанатын сома шамамен 50 мен 250 а.б. арасында тұр, алайда бұл диапазондағы бір де бір сома кез келген басқа сомаға қарағанда неғұрлым ықтимал болып табылмайды. Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 150 а.б. (50+250)/2;
(b) болжанатын сома шамамен 50 мен 250 а.б. арасында тұр, және 100 а.б. неғұрлым ықтимал сома болып табылады. Алайда, әрбір сомаға берілген ықтималдық белгісіз. Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 133.33 а.б. (50+100+250)/3;
(c) болжанатын сома 50 а.б. (10 пайыздық ықтималдық), 250 а.б. (30 пайыздық ықтималдық) немесе 100 а. б. (60 пайыздық ықтималдық). Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 140 а.б. (50х0.10)+(250х0.30) + (100 х 0.60).
Әрбір жағдайда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағыны, бәлкім, жеке алғанда ең аз, неғұрлым ықтимал немесе ең көп бағалауға қарағанда пайдалану құндылығын неғұрлым дәл бағалауды қамтамасыз ететін болады.
А12 Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде тәсілдемені қолдануға шыққан шығындар ақталмай қалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ұйымның көп деректері болуы мүмкін, бұл оларға ақшалай қаражаттар ағындарын қалыптастырудың бірқатар көріністерін жасауына мүмкіндік береді. Бірақ, ұйым олай етпеген жағдайда елеулі шығынға ұшырауға тәуекелдік ете отырып, ақшалай қаражаттар ағындарының түрленуіне қатысты жалпы тұжырымдармен ғана шектелуге мәжбүр болатын жағдайлар да кездеседі. Ұйымның қосымша ақпарат және ондай ақпарат ол жүргізетін бағаға қосылуы мүмкін қосымша шынайылық алуға арналған шығындардың арасында ымырашылдық табуына тура келеді.
А13 Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде бағалау әдісі жеке-дара объектіні немесе мүмкін болатын нәтижелерінің саны шектеулі объектіні бағалауға жарамайды деген пікір бар. Бұл жағдайда мүмкін болатын екі нәтижесі бар актив мысалға келтіріледі: ақшалай ағынның өлшемі 10 а.б. болатын 90 пайыздық ықтималдық және ақшалай ағынның өлшемі 1,000 а.б. болатын 10 пайыздық ықтималдық. Осы ұғымдардың авторлары бұл мысалда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының өлшемі 109 а.б. болатынын көрсетеді және бұл нәтижені ақыр соңында төленуі тиіс болатын сомалардың бір де бірін білдірмейтін нәтиже ретінде сынға алады.
А14 Осындай пікірлер жүргізілетін бағалау мақсатымен жасырын келіспеушілікті көрсетеді. Егер мақсат алдағы шығындарды жинақтау болса, онда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары күтілетін шығындарды көрнекі түрде анық бағалауды қамтамасыз етпеуі де мүмкін. Екінші жағынан, осы Стандарт активтің өтелетін сомасын бағалауға арналған. Жоғарыда келтірілген мысалда ақшалай қаражаттардың тап осы ағындары неғұрлым ықтимал екендігіне қарамастан, активтің өтелетін құны 10 а.б. болуы неғайбіл. Бұған себеп 10 а.б. мөлшеріндегі баға осы активті бағалауда ақшалай қаражаттар ағындарының шектеусіз болмауында. Оның орнына ақшалай қаражаттардың шектеусіз ағыны ақшалай қаражаттардың шектеулі ағыны ретінде ұсынылған. Ақыл-есі дұрыс бір де бір ұйым ондай сипаттамасы бар активті 10 а.б. сатпайды.
Дисконттау мөлшерлемесі
А15 Активті пайдалану құндылығын бағалау үшін ұйым қандай тәсілдемені қолданатынына қарамастан, ақшалай қаражаттар ағындарын дисконттау үшін қолданылатын пайыз мөлшерлемелері ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарына түзету жүргізілген тәуекелдіктерді көрсетпеуі тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың салдарлары екі рет есептелетін болады.
А16 Активке тән мөлшерлемені тікелей нарықтың өзінде алу мүмкін болмаған кезде, ұйым дисконт мөлшерлемесін бағалау үшін алмастырғыштарды пайдаланады. Мақсат, мүмкіндігіне қарай, мыналардың нарықтық бағасын анықтау:
(а) активтің пайдалы қызмет мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңдерге арналған ақшаның уақытша құнын; және
(b) А1-тармақта сипатталған (b), (d) және (e) факторларды, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының өлшемін бағалау кезінде бұл факторлар түзетуге келтірмейтін жағдайда.
А17 Осындай баға жасай отырып, ұйым, бастапқыда, мынадай көрсеткіштерді назарға алуы тиіс:
(а) ұйым капиталының күрделі активтерді бағалау үлгісі сияқты әдістердің көмегімен анықталған орташа есептелген құнын;
(b) ұйымның қарыздық капиталына пайыздың өсу мөлшерлемесін;және
(c) қарыздық капиталға пайыздың басқа да нарықтық мөлшерлемелерін.
А18 Рас, бұл көрсеткіштер:
(а) ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарына байланысты нарық айрықша тәуекелдіктерді бағалайтын тәсілді көрсету үшін; және
(b) активпен байланысты ақшалай ағындарға қатысы жоқ немесе ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарына түзету жасалған тәуекелдіктерді жою үшін түзетілуі тиіс.
Тәуекелдіктерге, оның ішінде елдің тәуекелдігіне, валюталық тәуекелдікке және баға тәуекелдігіне назар аударған жөн.
А19 Дисконт мөлшерлемесі ұйым капиталының құрылымына және соның көмегімен ол актив сатып алуды қаржыландыратын тәсілге тәуелді емес, өйткені туындауы активтен күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары ұйымның актив сатып алуды қаржыландыру тәсіліне тәуелді емес.
А20 55-тармаққа сәйкес, дисконттың қолданылатын мөлшерлемесі салыққа дейінгі мөлшерлеме болуы тиіс. Тиісінше, дисконттың мөлшерлемесі салық есебінен кейін алынған деректердің негізінде есептелсе, онда бұл деректер салық есебіне дейінгі мөлшерлемені көрсету үшін түзетіледі.
А21 Ұйым әдетте активті пайдалану құндылығын бағалау үшін дисконттың бір мөлшерлемесін пайдаланады. Алайда, ұйым, егер пайдалану құндылығы әр түрлі кезеңдерге арналған тәуекелдіктердегі айырмаға немесе пайыздық мөлшерлемелердің уақытша құрылымына сезімтал болса, әртүрлі болашақ кезеңдерге арналған дисконттың әр түрлі мөлшерлемелерін пайдаланады.
В Қосымшасы
16 ХҚЕС-ке (IAS) Өзгертулер
[Өзгерістер қойылған талаптарға жауап бермейді]
С Қосымшасы
Гудвиллы және бақыланбайтын пайыздары бар ақша қаражатын өндіретін активтер бірлігін құнсыздануға сынау
Бұл Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
С1 3 ХҚЕС-ына (IFRS)(2008 жылғы редакция) сәйкес, сатып алушы гудвиллды сатып алған күні төмендегі (а)-ның (b)-дан артықшылығы ретінде бағалайды және таниды:
(a) төмендегілердің жиынтығы:
(i) негізінен сатып алған күнгі әділ құнды талап ететін, 3 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағаланған аударылған сыйақы;
(ii) 3 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағаланған сатып алынған ұйымдағы кез-келген бақыланбайтын пайыздың сомасы; және
(iii) Сатылы түрде жасалған ұйымдар бірігуінде, сатып алынған ұйымдағы сатып алушының алдыңғы иеленген үлестік пайызының сатып алған күнгі әділ құны.
(b) 3 ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес бағаланған сатып алынған анықталатын активтердің және қабылданған міндеттемелердің сатып алған күнгі сомалардың таза сомасы.
Гудвиллдың үлестірілуі
С2 Осы Стандарттың 80 тармағы ұйымды біріктіруде алынған гудвиллді, сатып алушының басқа активтерінің немесе міндеттемелерінің ақша қаражатын өндіретін активтер бірлігіне немесе активтер топтарына тағайындалған-тағайындалмағандығына қарамастан, бірлестіру кешенінен пайда табады деп күтілетін сатып алушының ақша қаражатын өндіретін активтерінің әрқайсысына, немесе ақша қаражатын өндіретін активтердің топтарына үлестіруді талап етеді. Ұйымдарды біріктіру нәтижесінде болатын кешендердің кейбірі құрамында бақыланбайтын пайыздың пайызы болмайтын ақша қаражатын өндіретін активке үлестірілуі мүмкін.
Құнсыздануға сынау
С3 Құнсыздануға сынау ақша қаражатын өндіретін активтің өтелетін құнын ақша қаражатын өндіретін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстырумен бірге жүреді.
С4 Егер ұйым бақыланбайтын пайыздарды, әділ құн орнына, оның сатып алған күнгі еншілес ұйымның таза анықталатын активтеріндегі пропорциялық пайызы ретінде бағаласа, бақыланбайтын пайыздарға жатқызылатын гудвилл тиісті ақша қаражатын өндіретін активтің өтелетін құнына кіргізіледі, бірақ ол бас ұйымның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылмайды. Осының салдарынан, бақыланбайтын пайыздарған жатқызылатын гудвиллді қосу үшін ұйым ақша қаражатын өндіретін активке үлестірілген гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын жалпы есептеуі тиіс. Бұл түзетілген қаржылық жағдай туралы есептік құн сосын бірліктің құнсыздану мүмкіндігін анықтау үшін ақша қаражатын өндіретін актив бірлігінің өтелетін құнымен салыстырылады.