«Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидасы» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 535 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 29 наурыздағы

№ 182 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу
қағидасы
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 21-бабына сәйкес зерделенді және түзеу мекемелеріне (бұдан әрі - ТМ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі - ТИ) азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және басқа да адамдардың келу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады:

1) Өткізу режимі - арнайы рұқсат бойынша жазаны орындау мекемесінің, тергеу изоляторының аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару) және қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) режимдік объектілерінің аумағына қызметкерлер мен өзге де азаматтарды кіргізу іс-шараларының жиынтығы.

2) Режимдік объектілер - қызмет етуі үшін қосымша қауіпсіздік шаралары орнатылған арнайы объектілер, ұйымдар, мекемелер. Оларға ТИ, ТМ және оның аумақтары, әкімшілік ғимараттары, имараттар, шаруашылық объектілер, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақтар.

3. Өткізу режимі:

ҚАЖ-дың режимдік объектілеріне, ТМ-нің және ТИ-дің режимдік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін;

бақылаудың жеке визуалдық құралдары - бейне, кино, фотоаппаратураларды, радиотехникалық және басқа да аппаратураларды аумаққа заңсыз кіргізуді (әкелуді);

тізімдері ТМ-нің ішкі тәртіп ережесімен (бұдан әрі - ТМ ішкі тәртіп ережесі) бекітілген осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, құралдарды, құжаттарды және азық-түлік өнімдерін кіргізуді (әкелуді), шығаруды (алып шығуды);

ҚАЖ режимдік объектісінің аумағынан құжаттар мен тиісті бұйымдарды рұқсатсыз шығаруды (алып шығуды) болдырмауға арналған.

Өткізу режимі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.