«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығы (2016.09.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығы

(2016.09.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.09.04. № 376 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.14.08. № 510 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 535 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 536 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.17.11. № 819 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.