(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2012.29.03 № 182 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығы

(2014.14.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.14.08. № 510 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті және тексеру өндірісін ұйымдастыру қағидасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.