«Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидасы» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына 4-қосымша)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.17.11. № 819 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 29 наурыздағы

№ 182 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп
 қағидасы
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 77-бабына әзірленді және жазаларды өтеу мен жазаларды атқару шарттарын қамтамасыз ету мақсатында түзеу мекемесінің ішкі тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағида өзінде:

1) ТМ-ге бас бостандығынан айыруғн сотталғандарды қабылдау тәртібін;

2) сотталғандардың құқықтық жағдайын;

3) ТМ-дегі ішкі күн тәртібін;

4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың азық-түлікті және бірінші кезекте қажет заттарды, сотталғандардың сәлем-сауқат, сәлемдемелер мен бандеролдар алуын және басқа да қосымша қызмет көрсетуді;

5) бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесулерін, кездесулерін, ақша аудару түрлерін, хат алмасуларын;

6) ТМ аумағыннан тыс жерге алып жүрусіз және сүйемелдеусіз жүруге рұқсат етілген сотталғандардың жүріс-тұрыс, сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарынан тыс жерге шығу арқылы кездесу беру тәртібін;

7) сотталғандардың қатаң жағдайда жаза өткеру, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптау оқшаулау орнында және тәртіптік оқшаулау орнында, камералық үлгідегі үй-жайда, бір адамдық камерада, қауіпсіз орындарда, ТМ-нің жабылатын үй-жайларында (камераларында) ұстау тәртібін қамтиды.

 

 

2. Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды ТМ-ге қабылдау тәртібi

 

3. Сотталғандарды ТМ-ге қабылдауды ТМ-нің арнайы бөлімі мен медициналық бөлім қызметкерлерінің қатысуымен ТМ бастығының кезекші көмекшісі жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.