«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы (2026.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы

(2026.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 619 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.15.09. № 689 бұйрығымен (2025 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.31.08. № 619 бұйрығымен (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодекс16-бабы бірінші бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.