«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508, «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 619 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі - ҚК) және Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК) сәйкес әрбір сотталғанға мекеме түрiнiң өзгеруі, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға (бұдан әрі - ШТМББ) өтініш беру не болмаса жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (бұдан әрі - НЖЖА), жазаны өтеудiң бiр жағдайынан басқасына ауыстыру, бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану (ШТҚ) тәртiбi түсіндіріледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: