«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкi тәртіп қағидасы» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына 6-қосымша) (2016.09.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 29 наурыздағы

№ 182 бұйрығына

6-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігi

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкi тәртіп
қағидасы
(2016.09.04. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабына сәйкес, күдіктілерді және айыпталушыларды ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағида:

1) күдіктілерді және айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру,

2) күдіктілердің және айыпталушылардың жеке бастары мен киім кешектерін тексеру;

3) күдіктілерден және айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды тәркілеу;

4) күдіктілерді және айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;

5) күдіктілердің және айыпталушылардың азық-түліктерін, сонымен қатар бірінші кезектегі қажетті заттар мен басқа да заттарды алу;

6) күдіктілердің және айыпталушылардың сәлем-сауқат және сәлемдемелерді қабылдау;

7) күдіктілердің және айыпталушылардың жеделхат, хат және аударымдар қабылдау мен жолдау;

8) күдіктілердің және айыпталушылардың өтініштерімен арыздарын жолдау;

9) күдіктілердің және айыпталушылардың діни рәсімдер;

10) айыпталушыны еңбекке тарту,

11) күдіктілердің және айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастары мен азаматтық-құқықтық келісімдерге қатысу;

12) айыпталушылардың газет-журналдарға жазылу жұмыстарын жүргізу,

13) күдіктілерді және айыпталушыларды дәрігерлік-санитарлық қамтамасыз ету;

14) күдіктілерді және айыпталушыларды күнделікті серуенге шығару жұмыстарын жүргізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.