Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімге қол қою туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1282 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.