Өнім сапасы банкін қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 140 бұйрығы
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнім сапасы банкін қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.