Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-3/472 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.