«Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 396 Бұйрығы (күші жойылды)

«Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 396 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 24)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 5070 тіркелді, «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1238) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім алушы:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;

2) дәлелді себептермен сабақтар жіберген жағдайда, өзі немесе туыстары арқылы болған жағдай туралы хабар беруге;

3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар етуге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.