ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.06.03. № 222 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.06.03. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан тел. 8 (7172) 74-30-66 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органдар) көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитет мынадай:
елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту;
санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар қауіптіліктің І және ІІ сыныбының өнеркәсіптік объектілері үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;
қауіптіліктің І және ІІ сыныбының өнеркәсіптік объектілері және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;
шикізаттың және тамақ өнімдерінің жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар;
дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына береді;
2) сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитеттің аумақтық бөлімшелері мынадай:
республикалық бюджеттен және (немесе) шетелдік капиталдың қатысуымен қаржыландырылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;
қауіптіліктің барлық сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;
қауіптіліктің барлық сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;
сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағын түзету (қысқарту немесе ұлғайту) бойынша құжаттамалар жобаларына;
азық-түлік шикізатына, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, химиялық, биологиялық заттар мен өнімдерге, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын ыдыстарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарларға, жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына береді.
Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитет департаменттерінің басқармалары аумақтық тиесілілік қағидаты бойынша мынадай:
өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;
сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағы құжаттамаларының жобаларына;
геологиялық зерттеулерге арналған құжаттамалар жобаларына;
елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына;
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге береді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органдардың www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде және ақпарат тақталарында;
3) www.e.gov.kz, www.e.license.kz порталында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының (1414) телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта не уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) Кодекстің 62-бабының 8-тармағында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) уәкілетті органдарға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минутты (отыз минут) құрайды;
3) мемлекеттік қызметті алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
1) уәкілетті органдарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен «жалғыз терезе» қағидаты бойынша уәкілетті органдардың қызметкері арқылы жүзеге асырылады;
2) порталда - тәулік бойы.
10. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
Порталда мемлекеттік қызмет тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:
уәкілетті органдарда:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) тұтынушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;
3) осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басты куәландыратын (нотариалдық куәландырылған жағдайда) құжаттардың мәліметтерін уәкілетті органдар портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Порталда:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
2) осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
12. Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштер нысанын уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында алуға болады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау салу толтырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды тұтынушы мекенжайлары және байланыс деректері www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырады.
Порталда электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға автоматты түрде жіберіледі.
1) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
2) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;
3) құжаттарды қабылдау күні (уақыты);
4) тікелей өтініш берген адамға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) мемлекеттік қызметті алу күні мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде тұтынушының «жеке кабинетіне» тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тұтынушыға:
1) уәкілетті органдарда - тікелей өтініш берген адамға немесе оның ресми сенімді адамына (өкіліне) ұсынылады, ол туралы тиісті қолхат жасалады;
2) порталда - тұтынушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Уәкілетті органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;
2) егер жобалар, өнім, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса;
3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер.
Уәкілетті органдар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы тұтынушыға (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде) жазбаша хабарлайды.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушы «жеке кабинетінен» алады.
17. Уәкілетті органдардың мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) мемлекеттік қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
18. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада және www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны арқылы да алуға болады.
21. Лауазымды адам көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
22. Уәкілетті органдардың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен немесе бас тартумен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым жазбаша еркін нысанда пошта арқылы не байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіне қолма-қол беріледі.
25. Қабылданған шағым байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті жібергеннен кейін тұтынушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органдарда өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы не порталдағы «жеке кабинетіне» не шағымда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген уәкілетті органдардың кеңсесінен алуға болады.
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және
көрсетілетін қызметтерге
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асыратын Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері